X

Германия елінің әртістері «ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ»

Күні: 03.10.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«ALEM SAZ» II халықаралық музыкалық фестивалінің соңғы күні германиялық Pianotainment® дуэті елордалық көрермендердің назарына кинофильмдерден саундтректер, әйгілі блюз және джаз жанрының қыр-сырын ашатын үздік шығармаларын ұсынбақшы. Шығармашылық ұжымның негізін қалаушылар неміс әртістері - Штефан Ве және Марсель Дорн. Бавариядан келген талант иелерінің музыкалық жолы балалық шағында классикалық фортепианода тереңдетіп оқудан басталған, содан кейін джаз бен блюз жанрын өздігінен оқып-үйренген. Дуэт 100-ден аса елде өнер көрсеткен. Пианистер дуэті Штефан Ве пен Марсель Дорнның «PIANOTAINMENT» ® концерті сағат 19.00-де басталады.

Pianotainment® шоуы – бұл әлемдік деңгейдегі ерекше музыкалық қойылым! Әртістердің керемет шеберлігі көпшілік үшін өзгеше концерттік тәжірибе болмақ. Көптеген марапатқа ие болған «кроссовер» бағдарламасы - шығармашылық фортепиано комедиясы мен таңғажайып шеберліктің тамаша симбиозы - бұл музыка әлеміндегі шынымен бірегей құбылыс!

Сонымен қатар, фестиваль аясында «Qazaqstan» орталық концерт залында:

  • 12.00-18.00 Астана қолөнершілер альянсы шеберлерінің сәндік-

қолданбалы өнер көрмесі;

  • 14:00 «Бақыт жолында» фильмінің көрсетілімі (Қазақстан, мультфильм, 0+)
  • 14:30 - «АҚ БОЗ ҮЙ» фильмінің көрсетілімі (Қазақстан, тарихи драма, 12+)
  • 16:30 – «ВРЕМЯ ПАТРИОТОВ» (Патриоттар уақыты) фильмінің көрсетілімі (Қазақстан, экшн, триллер, 12+, орыс тілінде)
  • 19:00 – Пианистер дуэті Штефан Ве пен Марсель Дорнның «PIANOTAINMENT» КОНЦЕРТІ өтеді.

Поделиться в соц. сетях: