X

Ән атасы – Әміре

Күні: 12.12.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Осыдан бір ғасыр бұрын Әміре Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қазақтың музыкалық өнерін тұңғыш рет таныстырып, әлем жұртына халқымыздың бай мәдениеті мен халық әнінің ерекше әуезін танытты.

Осы айтулы оқиғаға орай Қазақконцерт «Ән атасы Әміре» атты шығармашылық кеш ұйымдастырады.

Бұл шара қазақ өнерін әлем сахнасына алғаш танытқан атақты әнші Әміре Қашаубаевтың тарихи өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына арналады. Кеш барысында көрермендер Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнер жолын суреттейтін театрландырылған қойылымдарды тамашалап, халық әндерін және оның мұрасын жаңа музыкалық өңдеуде тыңдай алады.

«Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері көрермен назарына дәстүр мен заманауи сахна өнері үйлесім тапқан мазмұнды концерттік бағдарламаны ұсынады.

Шығармашылық кеш ұлттық өнердің бай қазынасын және Әміре Қашаубаевтың бірегей мұрасын дәріптейтін мәдени өмірдің айтулы сәтіне айналады. Ерекше кешті жіберіп алмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: