X

«KÓSHPENDILER ÁÝENI» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ

Күні: 11.12.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

2023 жылдың 11-13 желтоқсан күндері сағ.:19:00-де елорда жұртшылығы этникалық музыка әлемінің үздік өнерпаздарымен қауышпақ.     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастырумен өтетін «Kóshpendiler áýeni» халықаралық этникалық музыка фестивалінде Қырғыз Республикасы,  Түркия, Өзбекстан (Қарақалпақстан), Саха Республикасы (Якутия) және Қазақстанның әртістері,  «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері өнер көрсетеді.

Жобаның мақсаты - біртұтас этникалық шығармашылық орта құру, түркі халықтарының бірлігі мен руханиятын ұлықтау, тарихы тереңнен бастау алатын түркі мәдениеті мен өнерін дәріптеу. Елорда тұрғындары мен қонақтары  өткеннің бейнесін жаңғыртатын даланың фольклорлық әуендерін тыңдап, көшпенді халықтардың рухани мұрасымен жақынырақ танысады. 

Сонымен қатар, «Көшпенділер әуені» этникалық музыка фестивалінің аясында 13 желтоқсан күні, сағ.:19:30 дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, алқалы әлеуметке боямасыз насихаттап, алты құрлыққа паш етіп жүрген белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұстаз, әнші-жыршы, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Елмұра Жаңабергеннің сахнадағы 35 жылдық мерейтойына орай «Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс» атты шығармашылық кеші өтеді. 

 

Поделиться в соц. сетях: