X

«Талтүстегі қоңыр күй» атты әдеби-сазды кеш

Күні: 13.12.2025 Уақыты: 16:00 Зал: Камералық зал

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, күйші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың 70 жылдығына орай «Талтүстегі қоңыр күй» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтеді.

Іс-шараның мақсаты - Таласбек Әсемқұловтың шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеп, оның қазақ руханиятындағы ерекше орнын көпшілікке тереңірек таныту.

Кеш бағдарламасында:

* қаламгердің әйгілі «Талтүс» романында суреттелген қоңыр күйлер мен асқақ әндер негізінде шағын сахналық қойылым;

* ⁠Т.Әсемқұловтың авторлық күйлері;

* ⁠жазушының көптомдық шығармалар жинағының 8-томы және күйші Рүстем Нұркенов дайындаған «Талтүстегі қоңыр күй» нота жинағының тұсаукесер рәсімі;

* ⁠жазушының шәкірттері, домбырашылар мен ақындар өнер көрсетіп, Таласбек Әсемқұловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктерімен бөліседі.

 

Кеш барысында көрермендерге жазушының әдеби және күйшілік мұрасы, мәдениеттанушылық көзқарастары мен шығармашылық жолы жан-жақты таныстырылады.

Поделиться в соц. сетях: