X

Шешен халқы «ALEM SAZ» ФЕСТИВАЛІНДЕ

Күні: 28.09.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі аясында Шешен Республикасының аты аңызға айналған «Вайнах» би ансамблі көрермендерге 28 қыркүйек күні 19.00-де Георгий Дзыбаның қойылымындағы «Под небом вайнахов» хореографиялық бағдарламасын ұсынады. Аталған қойылым - қанша уақыт өтсе де, ансамбльдің үздік жұмыстарының бірі. Бұл - шешен халқының ұлттық ерекшелігін жан-жақты көрсететін шағын би қойылымы. Іс-шара аясында астаналық «Зазан» кавказ би мектебінің және «Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблінің әртістері де өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, «ALEM SAZ» фестивалінің екінші күні:

  • 12.00-де Ұлттық киімдер және фото көрмесі;
  • 12:30-да Режиссер Инесса Ковалевскаяның 90-жылдығына орайластырылған 

«Бремен музыканттары», «Қайық», «Арыстанның күшігі мен тасбақа қалай ән шырқады», «Портта», «Мяулаған қорқыт» сынды танымал фильмдерінің көрсетілімі;

  • 14.00-де оқушылардың назарына «Финник» анимациялық фильмі және 

16.00-де «Әлем чемпионы» спорт драмасының көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Еске салайық, «ALEM SAZ» – әлем елдері мәдениетін шығармашылық 

ынтымақтастық арқылы бір платформада біріктіруге арналған халықаралық фестиваль. Жоба ұлттар мәдениетін біріктіру, сақтау және дамыту, әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарау бағытына негізделген. Халықаралық музыка фестивалі елдер арасындағы достық байланыстарды кеңейту мен нығайтуға және өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған. Фестиваль бағдарламасында шетелдік әртістердің концерттері, кинокөрсетілімдер, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі және шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

 

Поделиться в соц. сетях: