X

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Күні: 30.04.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Көктем мезгілінің әдемі кешінде Қазақконцерт сахнасында Бетховен мен Штраустың жаңа мазмұндағы жауһар классикалық туындылары шырқалады.

Қос композитордың музыкалық шығармалары Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындауында маэстро Ерболат Ахмедьяровтың дирижерлігімен көрерменге жол тартады.

Кештің басты солисі - Италиядан арнайы шақырылған, әлемге әйгілі пианист Марко Скьяво. Оның әрбір концерті ерекше атмосфераға толы, Карнеги-холлдан бастап, Сидней опера театрына дейінгі беделді сахналарда өнер көрсеткен.

Концерт бағдарламасында:

Л. ван Бетховен - Фортепиано мен оркестрге арналған №3 концерт

И. Штраус - «Көктемгі әуен»

И. Штраус - «Дунай өзенінің жағасында»

И. Штраус - «Жарқанат» опереттасына увертюра

И. Штраус - «Трик-трак» полькасы

И. Штраус - «Радецк маршы»

Жанды орындаудағы керемет классиканың сиқырын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше концертті өткізіп алмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: