Кеңес Дүйсекеев: «Сәлем саған, туған ел»
Күні: 10.02.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцертте композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтеді.
Концерттік бағдарламада композитордың ел жүрегінен орын алған таңдаулы шығармалары орындалып, оның ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесі мен тағылымды шығармашылық жолы кеңінен таныстырылады.
Кеңес Дүйсекеев - қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген бірегей туындылардың авторы, ұлттық рух пен заманауи әуенді шебер ұштастырған көрнекті композитор. Оның шығармашылық мұрасында «Толғау» симфониясы, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасы, «О, дүние» кантатасы, «Жыл мезгілдері» романстар циклі, сондай-ақ «Жан әке», «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Өкінбе сен», «Ғашықтар жыры» және т.б. кеңінен танымал музыкалық шығармалары бар. Сонымен қатар композитор «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклдерінің, «Алдар көсе» опереттасы, симфония-концерт пен түрлі аспаптарға арналған концерт, камералық оркестрге арналған шығармалар мен 200-ден астам әннің авторы.
Іс-шараға Қазақконцерттің өнер жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдары қатысады.
Ұлттық рух пен өнердің ұлы мектебіне айналған Кеңес Дүйсекеевтің еске алу кешін бізбен бірге тамашалаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз