X

«Қазақконцерт» Сергей Рахманиновтың мерейтойын атап өтеді

Күні: 23.09.2023 Уақыты: 17:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

23 қыркүйек күні «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «FORTE TRIO» мемлекеттік триосының қатысуымен композитор, пианист, дирижер Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына арналған вокалдық және аспаптық музыка концертін өткізеді. Іс-шараға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерттің» солисі, белгілі опера әншісі, баритон дауысты Азамат Жылтыркөзов қатысады. Әртістер әлем мәдениетінің жауһарлары деп танылған туындыларды, әйгілі романстарды, сондай-ақ ұлы композитордың «Элегическое трио» романсын орындайды. Концертте көрермендер танымал музыканттардың өнерін тамашалап, С. Рахманиновтың шығармашылық мұрасындағы камералық-вокалдық лириканың жауһарларына көз жеткізеді.

Еске сала кетейік, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосын белгілі пианист, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев құрған. Ол скрипка (Мақсат Жүсіпов), виолончель (Мұрат Нарбеков) және фортепианоны (оны маэстро өзі ойнайды) классикалық ансамбльге біріктірді. Бұл Қазақстандағы дәл осындай аспаптары бар алғашқы және әзірге жалғыз музыкалық топ. Ең жоғары орындаушылық шеберлігінің арқасында бүгінде «FORTE TRIO» тобы бүкіл әлемде белсенді түрде концерттер беріп жүрген ең сұранысқа ие қазақстандық камералық ансамбль болып табылады. Сондай-ақ, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы әлемнің беделді орындарында тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді және көптеген халықаралық музыкалық фестивальдерге қатысады. 2023 жылы әртістер әлемдік турне бойынша гастрольдік сапарларға жиі шығып жүр. Атап айтқанда, қазақстандық өнер тобы Франция, Люксембург, АҚШ, Италия, Франция, Германия және т.б. өнер көрсетті. 

 

Поделиться в соц. сетях: