X

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» – Қостанайда

Күні: 15.08.2023 Уақыты: 19:00 Зал: Мәдениет үйі

 «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясындағы гастрольдік сапарын 15-19 тамыз күндері Қостанай облысында жалғастырады. Сондай-ақ, аталмыш іс-шара ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Айжан Нұрмағамбетованың сахнадағы шығармашылығына 45 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. 

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, 2022 жылы «Қазақконцерт» ұжымы гастрольдік іс-сапармен жаңа облыстар Абай, Ұлытау, Жетісу және Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының елді-мекендерін аралап, өңір тұрғындарына арнайы концерт беріп қайтқан болатын. Сонымен қатар, жоба үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлерінде жалғасты. Бұл жолы «Қазақконцерттің» солистері Қостанай облысының Жангелдин ауданы Торғай ауылы, Сарыкөл ауданы, Арқалық, Қостанай және Жітіқара қалаларында өнер көрсетеді.

Поделиться в соц. сетях: