X

ҚАЗАҚКОНЦЕРТ «КҮЙШІЛЕР ШЕРУІ» АТТЫ КҮЙ КЕШІНЕ ШАҚЫРАДЫ

Күні: 12.11.2023 Уақыты: 17:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы көрерменге «Күйшілер шеруі» атты күй кешін ұсынбақшы.

Қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы – күй өнері арқылы ұрпақ арасындағы сабақтастықты жалғастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған күй кеші ұлттық өнеріміз бен оның тарихынан сыр шертетін аспаптық өнерімізге бағытталып, кеш көрермендері қазақтың домбыра, жетіген, қыл қобыз, сыбызғы, сазсырнай сынды аспаптарында орындалатын шығармаларды тамашалай алады.

Өнер кешінде «Халық қазынасы» орталығының әртістері С.Тұрысбек, Ж.Жүзбай, Р.Оразбай, Е.Басығараев, Қ.Айтбаев және кеш қонақтары А.Ахмадиев, Ж.Қадырқұлов, А.Иманғазы сынды өнер майталмандарымен қатар, талай халықаралық өнер додаларында оқ бойы оза шауып жүрген жас талантты өнерпаздарымыз да өнер көрсетпек.

Ұлтымыздың ұлық өнері салтанат құратын күй кеші елорда тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас көңіл-күй сыйлайтыны анық.

 

Поделиться в соц. сетях: