X

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі

Күні: 12.01.2024 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын симфониялық музыка кешіне шақырады.

Музыкалық кеште әйгілі итальяндық виртуоздар Дэвид Алонья (скрипка) және Пьетро Бонфилио (фортепиано) өнер көрсетеді. Симфониялық музыка кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы ҚазҰОБТ бас дирижері Ерболат Ахмедьяров (Қазақстан) дирижерлік етеді.

Концерт бағдарламасында И. Брамстың «Оркестрмен скрипкаға арналған концерт» және «Оркестрмен фортепианоға арналған №5 концерт» орындалады. 

Дэвид Алонья - халықаралық музыкалық білім алған музыкант. Итальяндық скрипкашы Наталья Гутман, Элисо Вирсаладзе, Бруно Канино, Джеффри Сван, Энрико Паче, Роберто Проседа сынды өнермайталмандарымен бірге көптеген беделді концерт залдарында өз өнерін паш етті. Сиенадағы Чигиан Академиясында Джулиано Карминьоладан арнайы сыйлық алып, Джулиано Дэвидқа «таңғажайып талант» деп баға берген. Дэвид ХХ ғасырдағы итальян репертуарын зерттеумен, танумен және дәріптеумен белсенді айналысады.

Итальяндық пианист Пьетро Бонфилио Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясын тәмамдаған. Виртуоз АҚШ, Милан, Мюнхен, Токио, Модена, Израильде, Англия, Дания, Швеция, Норвегия және Германия елдерінің көптеген қалаларында өнер көрсетті. Өнерпаз Фатма Саид, Джованни Соллима, Михаил Уткин, Ариана Ким сынды әлемге әйгілі орындаушылармен шығармашылық байланыста. Пьетро-Morellino classica Festival халықаралық музыкалық фестивалінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі.

Ерболат Ахмедьяров - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын опера-симфониялық дирижерлеу (профессор Т.А. Абдрашев сыныбы) және фортепиано (аға оқытушы Т.А. Урманчеев сыныбы) мамандықтары бойынша үздік тәмамдап, ассистентура-консерваторияның тағылымдамасынан өтті. Е. Ахмедьяров опера, балет және симфониялық бағдарламаларда өнер көрсетумен шектелмей, дирижерлік мансабын оқытушылық қызметпен сәтті ұштастыруда. Дирижерлік шығармашылығында көптеген марапаттарға ие болды. 

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау. 

Еске салайық, оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, Қазақ ұлттық университетінің ректоры, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.

Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.

Әлемдік классиканың жауһар туындыларын тамашалау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар. Сіздерді аталмыш бірегей музыкалық іс-шарада күтеміз!

 

Поделиться в соц. сетях: