X

JAM-SESSION: «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» САХНАСЫНДА ҮЗДІК ДЖАЗ ТОПТАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Күні: 04.09.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 63-ші концерттік маусымның ашылуы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ДЖАЗ КЕШТЕРІ» атты халықаралық фестиваль өткізеді. 

Jam-session – джаз музыканттарына тәжірибе алмасуға және импровизация техникасы бойынша кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Көрермендердің талғампаздығы мен шынайылығын ерекшелеп тұратын джаз топтамасы өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөлейді. 

Астананың 25 жылдығына арналған ауқымды шарада белгілі қазақстандық музыканттар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Қазақконцерттің» танымал солистері мен көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өнер жұлдыздары Айжан Нұрмағамбетова, Жанна Орынбасарова, Зарина Божакова, Алибек Альмадиев, Салтанат Мендыгалиева, «Қостанай қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ «Джаз Big Band», Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Биг Бенд» Джаз-оркестрлері мен солистері, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Jam-session trio» триосы, «Saz & Soul» және т.б. қатысады. 

 

Поделиться в соц. сетях: