X

JAM-SESSION: «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» САХНАСЫНДА ҮЗДІК ДЖАЗ ТОПТАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Күні: 05.09.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 63-ші концерттік маусымның ашылуы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ДЖАЗ КЕШТЕРІ» атты халықаралық фестиваль өткізеді. 

Jam-session – джаз музыканттарына тәжірибе алмасуға және импровизация техникасы бойынша кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Көрермендердің талғампаздығы мен шынайылығын ерекшелеп тұратын джаз топтамасы өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөлейді. 

Астананың 25 жылдығына арналған ауқымды шарада белгілі қазақстандық музыканттар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Қазақконцерттің» танымал солистері мен көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өнер жұлдыздары, Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» РМҚК «Big Band», ҚГКП «Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының» Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі құрамындағы «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі, «Шабыт» өнер ұжымы және т.б. қатысады. 

Сондай-ақ, 5 қыркүйек күні қорытынды Гала-концертте Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов және Өзбекстан мемлекеттік филармониясының солисі (саксофон) Азизбек Исматуллаев көрермендерді орындаушылық шеберлігімен қуантып, арнайы музыкалық кеште өнер көрсетеді. 

 

Поделиться в соц. сетях: