X

ІНЖУ-МАРЖАН

Күні: 25.09.2025 Уақыты: 18:30 Зал: Камералық зал

Қадірлі өнерсүйер қауым!

Сіздерді әнші-жыршы, термеші, өнертану магистрі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Әлихан Дүйсенбайдың «Інжу-маржан» атты шығармашылық кешіне шақырамыз.

Бұл кеште қазақтың қасиетті қара домбырасының үні күмбірлеп, халқымыздың рухани мұрасын құрайтын дәстүрлі әндер, сырлы термелер, өрнекті жырлар мен тағылымды толғаулар жаңаша нақышпен шырқалады. Сондай-ақ қазақ композиторларының таңдаулы туындылары орындалып, тыңдарманға ұмытылмас әсер сыйлайды.

Әлихан Дүйсенбай - «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстардың жеңімпазы, «Сегіз қырлы» телевизиялық жобасының жүлдегері. Жас өнерпаз ұлттық өнерді боямасыз жеткізіп, жаңа тыныспен жаңғыртып келеді.

Поделиться в соц. сетях: