GRAND FEST: ГАЛА-КОНЦЕРТ
X

GRAND FEST: ГАЛА-КОНЦЕРТ

Күні: 29.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Амфитеатр ( Астана паркі)

Амфитеатр сахнасында «Grand Fest» музыкалық фестивалінің ең әсерлі сәті - «Қазақконцерттің» 64-концерттік маусымының жабылу кеші өтеді!

Бұл кеште отандық эстрада жұлдыздары, танымал сахна шеберлері мен жас таланттар бас қосып, ашық аспан астында кең көлемді музыкалық шоу ұсынады. Кеш қонақтарын алуан түрлі бағдарлама күтуде: оркестрдің жанды сүйемелдеуімен орындалатын әндер, вокалдық және хореографиялық би қойылымдары, сондай-ақ, көпшілікке таныс туындылардың заманауи интерпретациясы ұсынылады.

Концерттік бағдарламада ел есінде сақталған сүйікті әндер жаңаша әрленіп, жанды орындауда көрерменге жол тартады. Олардың қатарында: «Сәлем саған, туған ел», «Жан досым», «Ақ дариға», «Қазақ елі», «Желсіз түнде жарық ай», «Ахау керім» сынды халық жүрегінен орын алған туындылар бар.

Іс-шараға «Қазақконцерттің» танымал солистері мен шығармашылық ұжымдары қатысады:

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Құрмаш Махан, Нұрболат Арзамасұлы, Гүлсім Мырзабекова, Айзат Қарабек

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері: Бауыржан Исаев, Анна Уварова

«Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері: Перизат Тұрар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты: Асқар Мұқият

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі

«GULDER» және «BIRLIK» ансамбльдері

«SAZ & SOUL» тобы

Концерттік маусымның салтанатты жабылу кешін өткізіп алмаңыздар! Бұл өнерсүйер қауымға арналған кеш, музыка мен шабытқа, шеберлік пен сән-салтанатқа толы мереке!

Поделиться в соц. сетях: