GRAND FEST: БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ
X

GRAND FEST: БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ

Күні: 28.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Амфитеатр ( Астана паркі)

Қазақконцерт «GRAND FEST» жобасы аясындағы музыкалық фестиваль бағдарламасын жалғастыруда.

Кезекті іс-шара ашық аспан астында өтетін  «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ұлттық өнер мерекесі дәстүрлі өнердің барлық тұстарын қамтыған жаңа форматтағы думанды кеш ұсынады.

 

Концерттің ерекшелігі мен маңызы:

- қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

- халық әндері мен халық композиторларының ізімен жарыққа шыққан заманауи шығармалар;

- өнерпаздар сайысы: ән шашу, күй тартыс, халық әндерінен попурри;

- заманауи хореография мен виртуоздық орындаулар.

 

Іс-шарада өнер көрсететіндер:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері:

- Құмарбек Қалқатай, Ерболат Шалдыбеков, Раушан Оразбай

- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары: Асқар Мұқият, Күнсұлу Түрікпен

- Мәдениет саласының үздігі: Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет

- Мәдениет қайраткері - Толғанбай Сембаев

- республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Аяулым Қамажан, Венера Табыс, Ақерке Тәжібаева, Бауыржан Мұхаметбай, Жанту Дадабаев, Дарын Құдайберген, Әлихан Дүйсенбай, Біржан Айтахмет, Дәрия Бекпенбетова, Жаслан Кәрімов

- «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі

- «Birlik» ансамблі. Ұжымның көркемдік жетекшісі - Анель Марабаева.

 

Амфитеатр сахнасында өтетін ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: