FORTE TRIO. Классикалық музыка кеші
Күні: 23.01.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Вольфанг Амадей Моцарттың 270 жылдығына және Дмитрий Шостаковичтің 120 жылдығына арналған музыкалық кешке шақырады.
«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы - Қазақстанның жетекші камералық-аспаптық ансамбльдерінің бірі, отандық және халықаралық сахналарда танылған өнер ұжымы. Ансамбльді белгілі пианист, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев құрған болатын. Ол классикалық ансамбльге скрипканы (Мақсат Жүсіпов), виолончельді (Мұрат Нарбеков) және фортепианоны (маэстроның өзі ойнайды) біріктірді. Аспаптардың құрамы жағынан бұл Қазақстандағы алғашқы және жалғыз музыкалық ұжым болып саналады.
Бұл кеште композитор Дмитрий Шостаковичтің дара болмысын айқын көрсететін камералық музыкалық шығармалары орындалады. Бұл туындылар оның ерекше көркемдік стилін, терең драматизм, интеллектуалдық мазмұн және жаңашыл шешімдердің үйлесімін бейнелейді. Шостаковичтің музыкасы оның композитор ретінде ішкі әлемін ашып, бүгінгі күнге дейін таңғаларлықтай заманауи көркемдік ой ретінде өзекті болып қала береді.
Концерт бағдарламасы:
В.А.Моцарт. Си-бемоль мажордағы фортепиано триосы, KV 502
Д.Шостакович. №2 фортепиано триосы, Op. 67.
Бұл кеш ұлы музыкантқа арналған тағзым әрі оның бірегей шығармашылық кеңістігін қайта танып-білуге тамаша мүмкіндік болғалы тұр. Қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз