X

FORTE TRIO «В РИТМЕ ТАНЦА»

Күні: 02.11.2024 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал

Құрметті өнер сүйер қауым!

Сіздерді FORTE TRIO ұжымы «В РИТМЕ ТАНЦА» концертіне шақырады!

Бұл кеште жүрек қағысын музыкамен ұштастыратын керемет эмоциялар мен энергияға толы би ырғағындағы әуендерді тамашалай аласыздар.

Концерт бағдарламасы:

  1. Ф. Э. Бах, үш көне соната;
  2. Й. Гайдн, N. 39 триосы, соль мажор, финал;
  3. Л. Бетховен N. 3 триосынан менуэт және финал;
  4. Ф. Мендельсон ор. 66 до минор триосынан Тарантелла, andante және final;
  5. П. Чайковский «Щелкунчик» балетінен «Интермеццо» және «Трепак»;
  6. Д. Шостакович N. 2 вальс;
  7. А. Пьяцолла «Буэнос Айрестегі жыл мезгілдері» циклынан төрт танго.

Елімізде және шет мемлекеттерде танымал камералық-аспаптық ансамбль 2013 жылы белгілі пианист, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеевтің бастамасымен құрылды. Классикалық ансамбльдің құрамында скрипкада Мақсат Жүсіпов, виолончельде Мұрат Нарбеков және фортепианода Тимур Урманчеев өнер көрсетеді. Қазіргі таңда FORTE TRIO - аспаптардың құрамы жағынан классикалық аспаптарды ұтымды біріктірген Қазақстандағы алғашқы және жалғыз музыкалық ұжым.

Би ырғағы мен классикалық аспаптардың үндескен сиқырының әсеріне бөленіп, керемет кештің куәсі болыңыздар!

Қазақконцертте жүздескенше!

Поделиться в соц. сетях: