X

«АРМАН АСУЛАРЫ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Күні: 28.11.2023 Уақыты: 17:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 2023 жылғы 28 қараша күні ерекше қажеттіліктері бар дарынды балалар мен жастарға арналған «АРМАН АСУЛАРЫ»  ІІ республикалық  фестивалінің Гала-концертін өткізеді.

Гала-концерттің ерекшелігі – дарынды қатысушылардың еліміздің бас сахнасында кәсіби әртістермен және шығармашылық ұжымдармен бірігіп өнер көрсетіп, шығармашылық тәжірибе алмасуы. Музыкалық кеште «Қазақконцерт» солистері атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Нұрболат Арзамасұлы, Мәдениет саласының үздіктері  Перизат Тұрарова, Бауыржан Бекмұханбетов,  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік, халықаралық конкурстардың лауреаттары Гүлнар Көшенова, Әлихан Дүйсенбай, Әділхан Макин, Раим Уайс, Ербол Нариманұлы  және «Меломен» тобы сынды қазақстандық өнер жұлдыздары фестиваль қатысушыларымен бірге бір сахнада өнер көрсетеді.

Кеш қонақтары: белгілі әнші, республикалық, халықаралық ән байқауларының лауреаты, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі Алтыншаш Мұқатаева  мен Шымкент қаласы «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, «Жаңа жұлдыз» республикалық байқауының (2019), «JULDYZAI» балалар шығармашылық фестивалінің (2021) Гран-при иегері, ХІІІ «Белая трость» халықаралық фестивалінің (Ресей, Мәскеу) қатысушысы Айбын Жұмабеков. 

Сонымен қатар фестивальге арнайы шақырылған қонақ белгілі режиссер әрі сценарист, «St.Art» әлеуметтік-мәдени қорының жетекшісі Станислав Цих арнайы шеберлік сағатын өткізеді.

 

Поделиться в соц. сетях: