X

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ» «ALEM SAZ» ФЕСТИВАЛІ

Күні: 27.09.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалінің шымылдығын Испания күні ашады. Испандық гитарашы Амос Лора және композитор Гито Малета дуэті елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Фламенко Джаз» атты шығармашылық кешін ұсынады.

Виртуоз гитарашы Амос Лора - қазіргі заманның танымал жас музыканттарының бірі. Испандық әртіс әйгілі «Амадео Рольдан» консерваториясының түлегі екенін айта отырып, өзінің білім ордасының абыройын әлемнің түкпір-түкпірінде асқақтатып жүр. Ол джаз, рок және куба музыкасының орындаушыларымен бірлесіп көрсеткен өнері мен кәсіби шеберлігінің арқасында әрқашан көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қошеметіне ие. Танымал музыкант әйгілі фламенко әртістерімен бірге Мадрид пен Барселонаның басты сахналарында өнер көрсетуде. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаға композитор, көптеген кинофильмдердің музыкасының авторы Гито Малета қатысады.

Испан музыкасының тыңдармандары мен қызығушыларына арналған «Фламенко Джаз» концерті сағат 19:00-де басталады.

«ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі аясында сағат 12-00-ден бастап «Qazaqstan» орталық концерт залының фойесінде Астана Қолөнершілер альянсының сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

Амос Лора «Фламенко Джаз» стилінде гитарада ойнау техникасы бойынша сағат 13.00-де шеберлік сағатын өткізеді.

Сағат 15.00 және 17.00-де «Дос-Мұқасан» (Қазақстан) және «Иберия» Испания, деректі, мюзикл, 16+, ағылшын тілінде) фильмдерінің кино көрсетілімдер жоспарлануда.

Поделиться в соц. сетях: