«АСПАПТАР ШЕРУІ»
Күні: 27.02.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Камералық зал
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Астана сазы» казақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концертіне шақырады.
Еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі «Астана сазы» ансамблі ерекше концерттік бағдарлама ұсынады. Концертте көрермен қазақ дәстүрлі музыкасының алуан түрлі композицияларымен танысып, фольк, этно-джаз, этно-панк және заманауи үн үйлесім тапқан керемет кештің куәсі болады.
Кеш бағдарламасы ұлттық музыка өнерінің үздік туындыларын, күй, ән, би және олардың заманауи интерпретацияларын қамтиды. Ұлттық аспаптардың сазды әуені мен жаңашыл шығармашылық ізденістер қазақ халқының мәдени мұрасының құндылығын танытатын ерекше атмосфера сыйлайды.
Концертке қатысушылар:
Бұл өнер кеші қазақ мәдениетінің байлығы мен биік рухын танытатын ұмытылмас музыкалық әсерге бөлейді. Қапы қалмаңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз