X

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» ӘРТІСТЕРІ МУЗЫКАЛЫҚ САЯХАТҚА ШАҚЫРАДЫ

Күні: 13.09.2023 Уақыты: 18:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ренат Салаватов «Musical journeys» атты классикалық музыка кеш өткізеді. Іс-шарада көрнекті скрипкашы, Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижеры Айман Мұсаходжаева және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ҚазҰӨУ фортепиано кафедрасының меңгерушісі Сара Асабаева елордалық өнерсүйер қауымды ерекше әуендермен тамсандырады. 

Концерт бағдарламасында келесі туындылар орындалады:

1. Т. Қажғалиев. «Дала аңызы» балетіне арналған үзінді.

2. Л. Либерман - Скрипка мен оркестрге арналған концерт, Ор. 74

3.Л. Либерман. Ішекті аспаптар оркестрімен скрипка және фортепианоға арналған камералық концерт, №1, Ор. 28.

4. С. Прокофьев. Классикалық музыка №1, ор. 25.

5.Т. Қажғалиев. «Дала аңызы» балетіне арналған «Қыз қуу» сюитасынан үзінді. 


Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Қазақстанның музыкалық өнері мен орындаушылық дәстүрін шет елдерде танытып, халықаралық мәдени байланыстарды дамытып келеді. Өнер ұжымы жыл сайын Ресей, Австрия, Израиль, Германия, АҚШ, Норвегия және Швецияның әлемге әйгілі орындаушыларымен шығармашылық байланыста және арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырып жүр. Оркестрдің бас дирижері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.

Поделиться в соц. сетях: