АРМАН ЖЫЛДАР
X

АРМАН ЖЫЛДАР

Күні: 28.05.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Қанша уақыт өтсе де ескірмейтін есті әндер болады. Бір естігеннен жадыңда жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халық жүрегінен берік орын алған әуендер. «Арман жылдар» концерті - дәл сол сағындырған әндерді бірге шырқап, көрерменге ерекше әсер сыйлайтын музыкалық кеш болмақ.

КОНЦЕРТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

- Қазақ эстрадасының алтын қоры: халқымыздың рухани мұрасына айналып, мәдени жадында мәңгі сақталған жауһар әндер;

- Аты аңызға айналған сазгерлердің туындылары. Концертте Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Теміржан Базарбаев, Қуат Шілдебаев сынды қазақ музыка өнерінің дара тұлғаларының шығармалары шырқалады;

- Әр көрерменге жақын тақырыптар: махаббат, туған жер, сағыныш, ананың аялы алақаны, жастық шақ, асқақ арман, шынайы сезім көрініс тапқан әуендер;

- Жанды музыка: концерттік бағдарламадағы әндер SAZ&SOUL тобының сүйемелдеуімен орындалады;

- Таныс әндердің жаңа тынысы: бәрімізге таныс әйгілі ретро әндер заманауи өңдеумен, жаңа интерпретацияда шырқалып, тың серпінмен көрерменге жол тартады.

Кешке Қазақконцерттің эстрадалық өнер бөлімінің солистері қатысады:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Нұрболат Арзамасұлы, Гүлсім Мырзабекова

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Сұлтан Ахмет, Дидар Әбдухалық, Қуандық Шалқарұлы, Асылхан Шалқаров, Ербол Тәжібаев, Жанна Сандыбаева, Анна Уварова

Әсем ән мен әуезді әуен, шабыт пен шынайы өнер үйлесім тапқан «Арман жылдар» кешінде сізді күтеміз. Қапы қалмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: