X

«Гүлдер» ансамблі би өнерінің эксперименталдық жұмысы бойынша концерт өткізеді

Күні: 22.09.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Концерттік бағдарламада көрнекті мәдениет майталмандарының ізін
жалғастырушы балетмейстерлер мен бишілер өздерінің кәсіби
шеберліктерінің сырларымен бөліседі. Екінші концерттік маусым басталар
алдында аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблі бишілерінің даралығын
ашатын, негізінен жеке орындаудағы нөмірлерден құралған арнайы
концерттік бағдарлама ұсынады. Іс-шараға композитор, ҚР Еңбек сіңірген
қайраткері Серік Еркімбеков және «Қазақконцерттің» солистері Дана
Молдағалиева, Ардақ Елеусіз, Венера Табыс қатысады.
Айта кетерлігі, көптеген хореографиялық шығармаларды өнерпаздар
тәжірибелік жұмыс ретінде сахналайды. Елорда тұрғындары мен қонақтары
халық-сахналық билердің жекелеген түрлерін, ұлттық тақырыптағы заманауи
хореографияны, сондай-ақ алғаш рет ұсынылатын бірнеше топтық билерді
тамашалай алады.
Іс-шара барысында көрермендерге өнердің әртүрлі салаларындағы: халық
биінен заманауи хореографияға дейінгі билерді ансамбль әртістері мен
хореографтары ұсынады. Концерттік бағдарлама жас әртістер мен жаңадан
бастап келе жатқан хореографтардың кәсіби біліктілігін ашатын жеке
қойылымдарды қамтиды. Жобаның мақсаты – «Қазақконцерттің» жетекші
композиторларымен және музыканттарымен шығармашылық
ынтымақтастықты дамыту.
Теориялық шолу аяқталғаннан кейін көрермендер өздерінің көркемдік
қабілеттерін дамыту мақсатында кәсіби орындаушылармен бірге билей
алады.
Еске сала кетейік, «Гүлдер» би тобын жаңғырту жобасы 2022 жылдың
тамыз айында басталған болатын. Ұжымға шығармашылық оқу
орындарының түлектері алынды. Жобаға дайындық кезінде «Гүлдер»
ансамблінің мұрағаттық материалдары мұқият зерделеніп, топтың «алтын
қорынан» ең үздік нөмірлер іріктеліп алынды. Тәжірибелі тәлімгер ретінде
бас балетмейстер Анвара Садықова шақырылды.

Поделиться в соц. сетях: