«АЛДАР КӨСЕ» МЮЗИКЛЫ
Күні: 24.03.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт сахнасында ең сұранысқа ие, көпшіліктің көңілінен шыққан «Алдар көсе» мюзиклы өтеді.
Біздің заманауи, қайсар да айбынды Алдар көсеміз ән салып, би де билеп, тіпті рэп те оқиды. Кез келген қиындыққа тапқырлығымен төтеп беретін Алдар, әдеттегідей әділдікті қолдап, зұлымдыққа қарсы тұрудан тайынбайды.
Мюзиклді не үшін көру керек?
Алдар көсенің қайта келуі балаларды қуантса, үлкендердің көңілін сағынышқа бөлейді. Әуезді әуен мен әсем билер және көздің жауын алатын костюмдер сізді ертегілер әлеміне жетелейтіні сөзсіз. Режиссер Еслям Нұртазин сахнаны ұлттық нақыштағы декорациямен, заманауи жарық шоуымен безендіріп, ғажайып әлемге айналдырады.
Алдар көсе әділетсіз Тағай ханды жеңе ала ма? Ең бастысы - балаңыз шетелдік суперқаһармандарды әлде қазақтың Алдарын таңдар ма екен?
Бүкіл отбасыңызбен келіп, ертегі әлеміне Алдар көсемен бірге саяхаттаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз