АБАЙ ӘЛЕМІ
Күні: 16.05.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт сүйікті көрермендерін ұлы қазақ ақыны, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты концертке шақырады.
Бұл кеште Абайдың рухани мұрасына музыкалық саяхат жасалып, сөз өнерінің тереңдігі, әуеннің саздылығы, поэзия мен философияның үндестігі, дәстүр мен заманауи бағыттар бір арнада тоғысады.
Негізгі назар қазақ әдебиеті мен музыкасына ғана емес, бүкіл ұлттың мәдени келбетін айқындаған бай көркем мұраға аударылады.
Бағдарламаның ерекшелігі:
Концертке «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек;
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері: Толғанбай Сембаев
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері: Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, Қайрат Айтбаев;
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты: Күнсұлу Түрікпен;
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай,Ақерке Тәжібаева,Венера Табыс,Жанту Дадабаев.
Қапы қалмаңыз! Абай мұрасы арқылы ұлы даланың мәңгілік үнін жан-тәніңізбен сезініңіз.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз