X

«ӘН АТАСЫ-ӘМІРЕ»

Күні: 13.10.2023 Уақыты: 19:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Рухы мықты, өнер философиясы терең халқымыздың өнер шежіресі Қорқыт баба, Әл-Фараби, Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған бабаларымыздан бастау алатын халық өнері мен мәдениетін барынша насихаттап, шығармаларын жаңаша сахналаудың жолында аянбай еңбек ету - «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басты міндеттерінің бірі. Аталмыш міндетті жүзеге асыру мақсатында қазақтың ұлы тұлғаларының мерейтойларына арналған «Ұлыларға тағзым» жобасы дүниеге келіп, М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің, талантты композиторлар Ғ.Жұбанова мен Е.Рахмадиевтің және қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі К.Байсейітова мен жезтаңдай әнші Р.Бағланова сынды ұлы тұлғалардың өнеріне арналған бірнеше концерттік бағдарламалар көрерменге ұсынылды.

«Ұлыларға тағзым» жобасын қазақтың ұлттық театр өнерінің, академиялық вокалының негізін қалаған өнер қайраткері, Еуропа халқын ерекше даусымен мойындатып, қазақ халқын төрткүл дүниеге танытқан күміс көмей, жез таңдай әнші Әміре Қашаубаевтың шығармашылығына арналған салтанатты кеш жалғастырмақшы. 

Кеште Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы мен «Халық қазынасы» орталығының әртістері өнер көрсетіп, елордалық көрермендерге қазақ өнерінің дамуына еселі үлес қосқан аты аңызға айналған дүлдүл әншінің бай шығармашылық мұрасын еске түсіретін әуендерін тарту етеді. 



 

Поделиться в соц. сетях: