X

Қазақконцерттің үлкен сахнасында "Вечер музыкальных контрастов" концерті өтті

03.06.2022

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерттеріміз басталды!

3-маусым күні Қазақконцерттің үлкен сахнасында өнер көрсеткен Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, белгілі пианист Николас Бурдонкл (Франция) және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрермендердің зор ықыласына бөленді. Дирижерлік тұғырда Айдар Торыбаев (Украина) өнер көрсетті.

Әртістер композитор Т.Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінің сюитасынан «Қыз қуу» шығармасын, сондай-ақ А. Хачатурянның скрипка мен оркестрге және С.Рахманиновтың фортепиано мен оркестрге арналған белгілі туындыларын орындады.

Алдағы уақытта рәміздердің 30 жылдығына арналған басқа да көптеген іс-шаралар өтеді. Сіздерді 5, 6, 8, 10, 16, 25, 28, 30-маусым күндері «Қазақстан» орталық концерт залында күтеміз!

 

Поделиться в соц. сетях: