Павлодар қаласында Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған үлкен концерт өтеді
18.04.2022
Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары «Қазақ деген халықтың еркесімін» атты жаңа концертті тамашалай алады. Көптен күткен үлкен концертті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері мен шығармашылық ұжымдары ұсынбақ.
Іс-шара КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналады.
Концерт 21-сәуір күні сағат 17:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында (Конституция алаңы, 1) өтеді. Көрермен қауым Роза Бағланованың «Ах, Самара – городок», «Әдемі-ау», «Бәрінен де сен сұлу», «Сәулем-ай», «Іңкәрім-ай», «Ақтамақ», «Сыр гүлі» т.б. сынды атақты әндерін Қазақконцерт әртістерінің орындауында тыңдай алады. Сахнада Ерлан Рысқали, Серік Еркімбеков, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Ерболат Шалдыбеков, Нұрболат Арзамасұлы, Біржан Айтахметов, Азат Малик, Серик Рысбек, Жібек Айтбаева, Күнсұлу Түрікпен, Салтанат Ахметова, Мадияр Бахтияров, Жанна Сандыбаева, Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Мендыгалиева, Айзада Капонова, Асқар Мұқият, Ардақ Елеусіз, Дарын Құдайбергенов, Гульнар Кошенова, Аяшова Ақмарал; композитор Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі және «Samiyan» тобы өнер көрсетеді.
Концерттің мақсаты – Роза Бағланованың 100 жылдығын кеңінен атап өтуге үлес қосу, өңірлік концерттік ұйымдармен өзара байланысын арттыру, тәжірибе алмасудың жаңа форматын енгізу.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлы әншінің есімін халық жадында мәңгі сақтау шараларын қабылдауды тапсырып, ел Үкіметінің 2021 жылдың 17 тамызындағы қаулысына сәйкес «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына» Роза Бағланованың есімі берілген еді.
ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін бұлбұл әншінің мерейтойы осы жылдың 1-наурызында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде ашылып, республиканың барлық аймағында ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылатын бұл шара бұқаралық сипатқа ие болып, жыл көлемінде еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз