X

«ЮНЫЕ ДАРОВАНИЯ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТЕДІ

12.12.2022

 


 

Концерт барысында көрермендерге әлемдік классикалық музыка жауһарлары ұсынылады. Атап айтатын болсақ, П.Чайковский, А.В.Моцарт, Ш.Берно, Й.Гайдн, Г.Холлендр, А.Дворжак және т.б. шығармалары орындалады.  

Іс-шара Қазақ ұлттық өнер университетінің музыкалық мектеп-колледжі оқушыларының қатысуымен өтеді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Айман Мұсахаджаева. Бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Бақытжан Мұсаходжаева. 

Іс-шарада Дариға Қазкенова (скрипка), Илья Посохов (виолончель), Исақ Батырхан (виолончель), Карина Сапарова (скрипка), Стефания Мохначева (скрипка), Марлен Алдабаев (фортепиано), Жансая Оңғарбаева (фортепиано), Батыржан Танкеев (фортепиано), Райхан Дүйсенбай (скрипка), Алібек Балағұмаров (скрипка) өнер көрсетеді. 

    Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!


 

Поделиться в соц. сетях: