X

«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры үздік деп танылды

04.05.2024

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры сахналаған Р. Кунидің “№13” спектаклі II Халықаралық «Сәлем» комедия театр фестивалінде “Үздік комедиялық қойылым” номинациясында үздік атанды.

 

Биыл фестиваль Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен сері Жүнісовтің 90 жылдық мерейтойына арналды. Фестивальде еліміздің белді театрларымен қатар, Әзербайжан Мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркия Республикасы Стамбул Мемлекеттік театры бақ сынады.

 

 Өнер додасында жүлделі орыннан көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, әрқашан көрермен қошеметіне бөленіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.

Поделиться в соц. сетях: