Шығыс Қазақстан облысындағы гастрольдік сапары аяқталды
18.08.2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі моноқалаларды жан-жақты дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау мақсатында, алпыс жылдан астам тарихы бар мәдениет пен өнердің қара шаңырағы биыл байырғы гастрольдік сапарларын жаңғыртатын жаңа жобаның тұсауын кесіп, Роза Бағланова атындағы мемлекеттік "Қазақконцерт" концерттік ұйымы 2022-2025 жылдарға арналған жоспары бойынша ел аумағындағы барлық моно-қалалардың, шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін қолжетімді, сапалы мәдени шығармаларды ұсынуға кірісті»,- деп атап көрсетті Роза Бағланова атындағы мемлекеттік "Қазақконцерт" концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.
Шығармашылық ұжымның гастрольдері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және облыстардағы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен "Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан" имидждік жобасының аясында сәтті өтті.
Шығыс Қазақстан облысындағы сапарында Роза Бағланова атындағы мемлекеттік "Қазақконцерт" концерттік ұйымы ән мен күйден тұратын керуені Риддер, Серебрянск, Алтай қалаларында болып, моно қалалардың тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.
- «Біздің шағын қаламызға өнер мерекесін ала келген өнер ұжымына алғыс білдіреміз. Роза Бағланова атындағы мемлекеттік "Қазақконцерт" концерттік ұйымының бұл гастрольдік сапары тек өткенімізді өшірмеуге ғана емес, өскелең ұрпаққа ұлы өнерімізді ұлықтауға үлкен сеп болары анық. Сондықтан, Роза Бағланованың бүгінгі ізбасарларына алдағы уақытта өнерлеріне табыс тілей отыра рахметімізді айтамыз», – деді бір ауыздан Шығыстағы көрермендер.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз