X

Жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-әрекет

28.01.2021

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.


Оған Қазақконцерт қызметкерлерімен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі - «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері: жобалық кеңсенің басшысы М. Б. Қамзолдаев, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі А. А. Сақтағанова, Е. А. Тілепбердиев және ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі М. М. Дүйсенов қатысты.


Отырыс барысында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.Б. Қамзолдаев мемлекеттік азаматтық қызметшілердің құқық бұзушылық жасауын болдырмауға, қызметкерлердің құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілігін» тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға баса мән берді.


Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері және «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді әрекет жасауға дайын екенін жеткізді.

Поделиться в соц. сетях: