X

Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы

19.04.2024

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының «Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы» атты концерті өтті. Аталған концерт Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ақпараттық-танымдық дәріспен ұштасқан рухани кешті «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жетекшісі Жасұлан Наурызбайұлы жүргізді. Дәріс барысында өнертанушы, журналист Жасұлан Наурызбайұлы Қабан жырау, Сүйінбай Аронұлы, Дəурен салдардан бастау алатын Жетісу өңірі ән-күй мектебінің əн салуы мен күй шерту ерекшеліктеріне, өңірдің күйшілік өнері Жамбыл Жабаев, Кенен Əзірбаев сынды дәулескер күйшілердің есімдерімен байланысына, одан бөлек Жетісу өңірінің ән-күй мектебінің өкілдерінің қазақ музыка мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлестеріне кеңінен тоқталды.

Концерттік бағдарламада көрермен назарына Жетісу жерінің дарабоздары Сәдіқожа Мошанұлы және Қапез Байғабылұлының бұрын-соңды ел естімеген және кеңінен таралмаған әндері шырқалды.

Музыкалық кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Құмарбек Қалқатай, Елмұра Жаңаберген, Раушан Оразбаева, Айгүл Елшібаева, Нұрболат Арзамасұлы, ҚР Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Батырлан Әбенов, Гүлниза Жұмажанова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Жазгүл Даңылбаева, Жасұлан Есімхан, Бекарыс Көштаев, Бауыржан Мұхаметбай сынды «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары мен шақырылған қонақтар қатысты.

Ұлттық өнер кешіне келген қарасы қалың көрермен саф өнерімізді паш еткен өнерпаздарымызға ерекше ілтипат білдіріп, қошемет көрсетті.

Ұлттық өнер кешінде Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапарының аясында елімізге келген Қырғыз елінің делегаттары жиналған көпшілікпен бірге саф өнерімізді паш еткен өнерпаздарымыздың өнерін тамашалап, ерекше ілтипат білдіріп, қошемет көрсетті.

Поделиться в соц. сетях: