X

«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу»

09.04.2024

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұжымына «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда кешенді іс-шаралар өткізу және құқық қорғау органдарына сенім деңгейі туралы дәріс оқылды.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты түсіндіру және талқылау және жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында өткізілді. Дәріс модераторлары Қазақконцерттің комплаенс офицері Ерғожа Тілепбердиев және «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Семгалиев.

Кездесуге ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы,  -   Оралбай Әбдікәрімов, Мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Қазақстанның Журналистика академиясының академигі – Дархан МЫҢБАЙ және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Астана қаласы филиалының басшысы Дәулеткерей Рахметуллин, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының басшысы  Таир Қаратаев қатысты.

Кездесудің басында сөз алған Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының басшысы  Таир Қаратаев бұндай кездесулердің маңыздылығын, қажеттілігін атап өтіп, қаттысушы спикерлерге алғысын айтып, істеріне табыс тіледі.

Оралбай Әбдікәрімов: «Біздің жұмысымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде халыққа мемлекеттік өнер көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуді көздейді» -  деді. Жастарды сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуды сұрады.  Оның арты мемлекетіміздің күйреуіне әкелетінін баса айтты.

Іс-шара соңында ұжыммен кері байланыс мақсатында және осы жиналыстан алған әсерлерін білу үшін сұрақ-жауап ұйымдастырылып,  арнайы сауалнама жүргізілді. «ПАРАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ», «ПАРА АЛМА, ПАРА БЕРМЕ» деген ұрандармен парақшалар, стикерлер таратылды. 

   Аталған әлеуметтік жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асыруда.

Поделиться в соц. сетях: