X

«Сиқырлы сазды хор-концерт»

20.01.2023

   «Astana Musical» мемлекеттік театры «Сиқырлы сазды хор-концертке» шақырады! Бұл кеште көрермендер жаңа форматтағы театрландырылған қойылымды тамашалай алады. 

 «Astana Musical» әртістері танымал әрі көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерді орындап, көрермендерді вокалдық шеберліктерімен таңғалдырмақ. Хор-концерттің бағдарламасына жаңа өңдеудегі халық әндері, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндер енген. 

«Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі - Есләм Нұртазин.

 

Поделиться в соц. сетях: