X

«ШЕДЕВРЫ ФОРТЕПИАННОЙ МУЗЫКИ  XIX ВЕКА» КОНЦЕРТІ

12.12.2022

 

 

 

Концертте Ә.Бейсембаев Ф.Шуберт, Ф.Лист, С.Рахманинов шығармаларын орындайды. Дарынды пианист 2 желтоқсан күні «Лист:Трансцендентные этюды» атты дебюттік альбомын таныстырды. Альбом жинағы классикалық музыканың үздік туындылары мен опера жұлдыздарының және оркестрлерінің аудиожазбалары  ұсынылған Warner Classics лейблінде жарияланған. 

«Лист:Трансцендентные этюды» атты дебюттік альбом - композитор жазған ең күрделі фортепианолық шығармалар болып табылады. Бұл шабыттандыратын және жаңа деңгейге көтеретін туындылар... Мен бала кезімде Дьердь Цифр, Рихтер және Кисин сияқты аты аңызға айналған пианистердің орындауындағы шығармаларды тыңдап, шабыттанып өстім. Сол шығармаларды бір күні өзім орындаймын деп армандаған емеспін...», – дейді Әлім Бейсембаев.

Әлім Бейсембаев 5 жасынан бастап музыкамен айналысып келеді. 2008 жылы «Щелкунчик» халықаралық телевизиялық байқауында жеңімпаз атанып, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Орталық музыкалық училищесіне оқуға түседі. 2010 жылы Англия мемлекетіне көшіп барып, Перселл жас музыканттар мектебінің оқытушысы Тесса Николсоннан білім алады. Пианист Ә.Бейсембаев Ван Клиберн атындағы жас пианистерге арналған I халықаралық байқаудың жеңімпазы, Лист және Веймар қалаларындағы халықаралық жасөспірімдер және Манчестердегі пианистер байқауының лауреаты атанған.

Концерттік бағдарламада:

I бөлім

Ф. Шуберт. Соната №1919 до-минор, D.958

 

II бөлім

Ф. Лист. Трансцендентные этюды, S. 139

IX. «Воспоминание»

X. «Allegro agitato molto»

XI. «Вечерние гармонии»

XII. «Метель»

 

С. Рахманинов

Прелюдия ре-мажор ор. 23 №4

Музыкальный момент №2

Этюд-картина до-минор ор. 33 №3

Этюд-картина ми-бемоль-минор ор.39 №5

   Ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!

Поделиться в соц. сетях: