X

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік  концерттік ұйымы» РМҚК-ның классикалық өнер бөліміне академиялық жанрдағы солистерінің тыңдалымын хабарлайды

13.12.2022

          Тыңдалым талаптары:

      Тыңдалымға қажетті құжаттар:

1. Портфолио (барлық құжаттар төмендегі көрсетілген ретпен файл папкасында ұсынылу керек):

1.1. Жеке куәлік;

1.2. Түйіндеме;

1.3. Атақтары, лауреаттық жетістіктері көрсетілген (бар болса) шығармашылық өмірбаян;

1.4. Білімі туралы дипломның түпнұсқасы немесе расталған көшірмесі;

1.5. Марапаттардың, дипломдардың және алғыс хаттардың түпнұсқалары немесе түрлі-түсті көшірмелері (шығармашылық өмірбаянда көрсетілген ретпен файл папкасында ұсынылады).

1.6. Композиторлар мен мәтін авторлары көрсетілген таблица түрінде вокалдық репертуар.

2. Комиссия мүшелері үшін тыңдалымға ұсынылатын бағдарлама:

2.1. Тыңдалымға арналған шығармалардың бағдарламасы                    А4 форматтағы қағазда ұсынулы тиіс (3 дана);

2.2. Көне ариялар, барокко заманының шығармалары (XVII - XVIII ғғ.)  – 10 шығарма;

2.3. Шетелдік, орыс және қазақ композиторларының операларынан ариялар – 10 шығарма;

2.4. Классикалық, тұрмыстық және қалалық романстар,  лид және шетелдік, орыс және қазақ композиторларының әндері – 10 шығарма;

2.5. Халық әндері, әлем халықтарының әндері – 10 шығарма;

2.6. Фонограммамен жазылған (минус) әндер – патриоттық әндер, әлемдік хит әндер, таңдау бойынша әндер – 10 шығарма. Фонограммалар (минус) флэш-таспада болуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда комиссия үміткерлерді тыңдалыға жібермеуге құқылы.

 Толық және қосымша ақпараттар тел: + 7 777 557 79

 

Поделиться в соц. сетях: