X

Әріптестеріміз оза шапты

16.10.2023

Еліміздің аса беделді Құрманғазы атындағы XII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртістері Дарын Құдайберген (домбыра) мен Аяулым Жумкенова (шертер, прима-домбыра) қатысып, оқ бойы оза шауып, екеуі екі номинацияда 1 орын иеленгенін сүйіншілейміз.
2023 жылдың 9-14 қазан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында Құрманғазы атындағы XII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы өткізілуде. Ұлт мәдениетінің асыл қазынасына өлшеусіз үлес қосқан, әлемдік деңгейге шығарған өнер иесі, қазақ халқының бағына біткен дәулескер күйші Құрманғазының есімін дүйім жұртқа насихаттап, оның қалдырған өшпес мұраларын жаңғыртуға арналған конкурс 1987 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп, биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп отыр.
Әріптестерімізді аса жоғары марапаттарымен құттықтай отырып, өнер әлемінде тек жоғарыдан көрінулерін тілейміз.
 

Поделиться в соц. сетях: