Әріптесіміз Португалияда топ жарды
06.09.2022
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Эстрадалық өнер» бөлімінің солисі Гүлнар Көшенова Португалияда өткен FICSE-2022 конкурсында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ директоры Ақтоты Райымқұлова әншіні осынау жеңісімен құттықтады.
- «Гүлнәр Сайранқызы, Португалияда өткен халықаралық ән байқауында жарқын өнерімен кезекті рет асқақ арманға деген құлшынысы зор дарынды, еңбекқор әнші екенін паш етті. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Гүлнар жас болса да өте талантты. Бұл Гүлнар үшін үлкен өнер мен үлкен сахнаның бастауы. Алдағы уақытта да жаһандық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, жарқын жетістіктеріңізбен еліміздің, ұжымымыздың мерейін үстем ете беріңіз. Сізге зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілеймін!», - деді ол.
Өз кезегінде Гүлнар Көшенова - халықаралық байқаудағы жеңісіне құтты болсын айтқан барша жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ән байқауларына қатысып, ел мерейін асқақтатуға күш салатынына сендірді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз