X

"Жазғы кино" жобасы жалғасуда

15.06.2022

2022 жылғы 1 маусымда Қазақконцерт  «Жазғы кино» жобасын бастады.

Балалар жылы аясындағы жоба барлық балаларға «Қазақстан» орталық концерт залында жаз бойы өтетін кино көрсетілімдерді тегін тамашалауға мүмкіндік береді.

Жобаның басты мақсаты – балаларға өнердің үздік туындыларын қолжетімді ету, олардың бойына халқымыздың мәдени және рухани құндылықтарын сіңіру. «Жазғы кино» жобасы «Қазақфильм» АҚ және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен» КеАҚ бірлесіп өтуде.

Маусым айынан бастап 4 000 жуық бала ең үздік отандық туындыларды көріп үлгерді.

Алдағы уақытта көрермендерді қазақстандық көркем фильмдер мен мультфильмдердің жаңа топтамасын тамашалауға шақырамыз! 20 маусымда «Лето 1941 года», 25 маусымда «Ұлы дала таңы», 27 маусымда «Паралимпиец» кинолары көрсетіледі.

 

 

 

Көрсетілімге алдын ала жазылу үшін 8708 888 19 91 хабарласыңыз

 

Поделиться в соц. сетях: