X

ПРЕСС-РЕЛИЗ ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТ «ҒАЖАЙЫП МЮЗИКЛ»

26.06.2023

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы оқушылардың демалыс кезіндегі іс-шараларға тегін қатысуға мүмкіндік беретін «Балалар филармониясы» жобасының кезекті кезеңі аяқталуға жақын екендігін хабарлайды. Жаздың бірінші айының соңында «Astana MUSICAL» театрының әртістері «Ғажап мюзикл» лекция-концертінде жас көрермендермен осы күрделі жанрдың әр түрлі жастағы өнерсүйер көрерменнің арасында қалай кеңінен таралғаны туралы әңгіме өрбітеді.

Өздеріңіз білетіндей, танымал музыкалық фильмдердің көбі әйгілі мюзиклдер негізінде түсірілген. Музыканың, қимыл-қозғалыстардың, икемділіктің және кинематографияның бейнелілігінің гармониялық  үйлесімі оның театр сахнасынан кең экрандарға өтуінің негізгі критерийіне айналды.

Спикерлер елордалық көрермендердің танымал балалар ертегілеріне көптеп жиналатынын атап өтті. Әртістердің орындауында танымал мюзиклдердің үзінділері, «Сиқырлы сазды хор-концерт» театрландырылған қойылымы, сондай-ақ «Disney» студиясының әйгілі «Король лев» анимациялық фильмінің әуендері шырқалады. Бағдарламаның жарқын бөлігі - әдемі әуендер мен әсерлі эффектілер. Сондай-ақ, қорытынды сабақта балалардың ойын-сауық интерактивті ойындарға қатысуына болады.

Айта кетейік, «Балалар жылы» аясында 2022 жылдың қыркүйек айында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасын іске қосқан болатын. Аталмыш жоба биыл да жалғасын тауып, балалар үшін арнайы концерттік іс-шаралар мен лекциялар және шеберлік сабақтар ұйымдастырылады

Поделиться в соц. сетях: