Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алтынбек Қоразбаевпен кездесті
24.08.2023
Биыл Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың туғанына 75 жыл. Мемлекеттік концерттік ұйымының ұжымы өнер қайраткеріне алдағы уақытта шығармашылық табыс пен отбасына амандық тілей отырып, барлық құттықтауларға қосылады. Іс-шараның кейіпкерін көпшілік танымал әндердің авторы ретінде біледі.
Осыған орай ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевпен кездесті. Үкімет басшысы Алтынбек Қоразбайұлын 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, өнер салысының дамуына айрықша үлес қосқанын атап өтті. Өз кезегінде композитор мәдениет саласына қатысты бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.
А. Қоразбаев ширек ғасырдан астам ән сахнасында жүріп, төл туындыларымен танылған өнер саңлақтарының бірі. Ол «Кенен ата», «Сырғалым», «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай», «Шашбаулым», «Әгугәй, домбыра», «Сағындым Кенен атамды», «Ақ моншақты аруым», «Жиырма бес», «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елге сәлем» және т.б. әндердің авторы.
Оның шығармашылығы халқына, туған жеріне және салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке толы. Ол Тоқтар Серіков, «МузАрт» тобы, «MeloMan» сынды талантты өнерпаздарды тәрбиелеп, өнердегі өз мектебін қалыптастырды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз