Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
16.12.2020
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту ұсынды. Қазақконцерт әртістері «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компониясы» АҚ-мен бірлесіп, мерекелік іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шара Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастау алды. «Қазақконцерт» ұйымының «Астана мюзикл» театры қала тұрғындары мен қонақтарын музыкалық қойылыммен қуантты. Театрдың талантты жастары ұлы Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнін орындап, көрермендерді тәнті етті. Бұған қоса, әртістер «Керім-ау айдай» атты белгілі халық әнін де шырқады. Мерекелік көріністі тамашалаған көрермендер әртістерге алғыстарын жеткізді.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған жоба «Нұрлы жол» вокзалында өз жалғасын тапты. «Астана мюзикл» әртістері бұл жерде баршаға танымал «Атамекен» және «Елім менің» әндерін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Теміржолшылардың формасын киіп музыкалық флешмоб бастаған әртістер көрермендерді таңғалдырып, ерекше әсер қалдырды. Жолаушылар да әнге қосылып, патриоттық сезімге бөленді.
Тәуелсіздік мейрамын ұлықтаған жоба баршаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, елордалықтардың патриоттық рухтарын көтерді. Сондай-ақ «Қазақконцерт» ұйымы ұйымдастырған бұл жобаның әлеуметтік маңызы да зор. Қоғамдық орындарда өткен осы ерекше құттықтаулар арқылы әртістер музыкалық өнерді барша халыққа қолжетімді ете білді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз