X

«ПОРТРЕТЫ КОМПОЗИТОРОВ» КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

23.01.2023

       «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Qazaqstan» орталық концерт залында Николас Бурдонкл (Франция) және белгілі дирижер Айдар Торыбаевтың қатысуымен «Портреты композиторов» атты  классикалық музыка кеші өтеді. Концертте дарынды пианист Николас Бурдонкл Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге классикалық музыка жауһарларын орындайды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек ері» Айман Мұсахаджаева, бас дирижері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева.

Концерттік бағдарламада ерекше классикалық туындылар мен авторлардың шығармалары орындалады: фортепианоға арналған №2 си-бемоль мажор концерті, Иоганнес Брамс және №3 симфония ре мажор концерті, ор. 83 және D 200 Франц Шуберт.

Француздық музыкант Николас Бурдонкл он жасында Одесса, Кишинев және Тирасполь филармонияларында солист ретінде дебют жасады. Алғашқы жеке орындауынан бастап-ақ ол классикалық музыка әлемінде жарқырап тұрған жұлдыздардың біріне айналды. Содан бері ол Гранада қаласының оркестрі, Лейпциг симфониялық, Украина және Армения филармониясының оркестрі, Бухарест радиосының ұлттық және Монтеррей симфониялық оркестрлері сияқты камералық және концерттік қойылымдарда әлемнің жиырмадан астам елінде өнер көрсетті. Оның фортепианода ойнауы классикалық музыкаға және өз-өзіне деген сенімділікке толы. Н.Бурдонкл 2012 жылғы Ханой қаласындағы және 2019 жылғы «Premio Jaen» атты халықаралық фортепиано байқауларының лауреаты атанды.

Құрметті көрермендер! Әлемге әйгілі виртуоз-пианистің мәңгі есте қалар классикалық туындыларын бірге тамашалайық, келіңіздер! 


 

Поделиться в соц. сетях: