X

РОЗА БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БІРІНШІ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

17.09.2024

 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 64-ші концерттік маусымының ашылу аясында еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттерден келген ең үздік вокалистердің басын қосқан Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсын ұйымдастыруда.

2024 жылғы 7-17 қыркүйек аралығында ұйымдастыру комитеті мен Қазақконцерттің танымал әншілері барлық өтінім берген үміткерлердің өнерін тамашалап, І кезең (онлайн формат) іріктеуін аяқтады. Конкурстың ережесіне сай, екінші кезеңге 16 қатысушы өтті. 

Екінші кезеңге өткен қатысушыларды қазылар алқасы 27 қыркүйек күні офлайн форматта өтетін II кезеңде бағалайды.

Сахна сандуғашы Роза Бағланованың құрметіне арналған байқаудың қазылар алқасы қатарында Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қырғыз Республикасының Халық әртісі Роза Аманова, Өзбекстанның Халық әртісі Мансур Ташматов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Нұрлан Абдуллин, Жанна Орынбасарова, Жаннат Бактай және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев сынды атаулы өнер майталмандары бар.

Байқау 28 қыркүйек күні сағат 19:00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен Қазақконцерт әртістерінің қатысуымен өтетін Гала-концертпен тәмамдалады.

 

Екінші кезеңге өткен үміткерлер тізімі:

 

  1. Жақсылық Гүлзина                  Қазақстан, Түркістан қаласы
  2. Жомартов Асыл                           Қазақстан, Түркістан қаласы
  3. Әбілқасым Аида                         Қазақстан, Көкшетау қаласы
  4. Eskermesov Omonjul                  Өзбекстан, Ташкент қаласы
  5. Абдрахман Мадина                    Қазақстан, Астана қаласы
  6. Бисембай Аружан                      Қазақстан, Орал қаласы
  7. Матикова Аяулым                    Қазақстан, Алматы обл.
  8. Көлімбетова Замира                 Қазақстан, Қызылорда обл.
  9. Хамитова Мадина                     Қазақстан, Астана қаласы
  10.  Мукушева Аяла                        Қазақстан, Қарағанды обл.
  11. Xusanov Ijod                               Өзбекстан, Ташкент қаласы
  12.   Жексенбек Әбілқайыр            Қазақстан, Алматы қ.
  13.  Tulanova Sevarakhon                Өзбекстан, Ташкент қаласы
  14. Сатындиева Айдана                  Қырғыз Респ., Бішкек қаласы
  15.  Құсайынова Гүлназ                 Қазақстан, Орал қаласы
  16. Уварова Анна                            Қазақстан, Астана қаласы

Поделиться в соц. сетях: