X

Parus-2021 фестивалінің жалғасы "Қазақконцертте" болды.

26.09.2022

Осындай концерт 2021 жылы Парсы шығанағы Дубайдағы отельдердің жанындағы үлкен алаңқайда ашық аспан астында болған. Онда А.Бочеллиді Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен оның көркемдік жетекшісі, Әлем артисі, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева сүйемелдеп, Parus-2021 фестивалінің көрермендерін таңырқатқан.

Бұл концерт сол үрдістің жалғасы болды.

Жалпы, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Оның құрамында қазіргі заманғы қазақстандық музыкалық өнерді халықаралық аренада насихаттап, камералық музыканың әлемдік дәстүрін жалғастырушы жоғары кәсіби музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары еңбек етуде.
Оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаева дирижерлік етеді.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (сопрано), халықаралық байқаулардың лауреаты Артур Ғабдиев (тенор), Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кеш бағдарламасында Дж.Бизенің «Кармен» операсына увертюра, Дж.Вердидің «Риголетто» операсынан Мантуя герцогінің ариясы, Дж.Пуччинидің «Тоска» операсынан ария, Дж.Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан ария, Дж.Россинидің «Сорока Воровка» операсының увертюрасы сынды әлемдік музыкалық классиканың үздік туындылары ұсынылды.

Поделиться в соц. сетях: