X

«Музыка на все времена» атты классикалық музыка кешіне шақырамыз

23.01.2023

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы сіздерді «Музыка на все времена» атты классикалық музыка кешіне шақырады! Концерт Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек ері» Айман Мұсахаджаева. Оркестрдің бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева.

«Концерттің аты айтып тұрғандай көрермендер үшін арнайы мазмұнды әрі алуан түрлі бағыттағы концерт ұйымдастырылып отыр. Музыкалық кеш барысында әлемге әйгілі опера мен оперетталардан тұратын классикалық шығармалармен бірге кроссовер туындылар да шырқалады. «Қазақконцерттің» дарынды солистері мен қонақтары Ф.Синатра, А.Бочелли, М.Бабла, А.Саффина және т.б. репертуарларындағы жүрекжарды музыкалық шығармаларды ұсынады», - дейді классикалық өнер шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Азамат Жылтыркөзов. 

Классикалық музыка кешінде «Қазақконцерттің» солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік және т.б. өнер көрсетеді.

Ұмытылмас әсерге бөлейтін классикалық музыканың таңғажайып кешінен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!

 

Поделиться в соц. сетях: