МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ
19.05.2023
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 19 мамыр сағ. 19.00-де Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Гала-концерт өткізеді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі – мәдениет қызметкерлерін қолдау. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер», – деген болатын. Осы орайда, халқымыздың мәдени және рухани әлеуетін арттыруға сүбелі үлес қосып, саланың мерейін көтеріп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтау және олардың еңбектерін, кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктерін көрсету мақсатында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып отыр.
Гала-концерттің ерекшелігі – облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан келген шығармашылық ұжымдары мен үздік орындаушыларын жұмылдырумен қатар, елордамыздың бас сахнасында қазақтың ән-күйлерін замануи үлгіде көрерменге паш ету. Гала-концертте әр өңірден келген домбырашы жігіттер мен домбырашы қыздар, би ансамбльдері, әртістер мен басқа да өнер ұжымдары өздерінің үздік концерттік номерлерін ұсынады. Іс-шара барысында классикалық, эстрадалық және дәстүрлі әндер шырқалады. Гала-концерт «Ел бірлігі – Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз