X

ӘЛІМ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІМЕН БІРГЕ КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

10.10.2022

Әлім Бейсембаев 5 жасынан бастап музыкамен айналысып келеді. 2008 жылы «Щелкунчик» халықаралық телевизиялық байқауында жеңімпаз атанып, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Орталық музыкалық училищесіне оқуға түседі. 2010 жылы Англия мемлекетіне көшіп барып, Перселл жас музыканттар мектебінің оқытушысы Тесса Николсоннан білім алады. Пианист Ә.Бейсембаев Ван Клиберн атындағы жас пианистерге арналған I халықаралық байқаудың жеңімпазы, Лист және Веймар қалаларындағы халықаралық жасөспірімдер және Манчестердегі пианистер байқауының лауреаты атанған.

Әлім Бейсембаев Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Айман Мұсахаджаева.

Оркестрге белгілі маэстро, ерекше дирижерлық мәнері бар үздік өнер иесі, Днепропетровск филармониясы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Айдар Торыбаев дирижерлік етті.

Концерт бағдарламасында І бөлімде: И. С. Бах – «Француз сюитасы №2, до-минор», Ф. Лист – «12 трансценденттік этюд», «Боран», М. Равель – «Miroirs» циклынан «Oiseaux tristes» және «Мұхиттағы қайық»,  И. Стравинский – «Жалын құс» циклынан үш бөлімі (Агости үлгісі бойынша). ІІ бөлімде: П. Чайковский – Фортепианаға арналған бірінші концерт, ор.23»

Танымал пианист өз көрермендеріне керемет классикалық музыкасын тыңдау мүмкіндігін сыйлады. 

Поделиться в соц. сетях: